«Бала жүрегіне жол тапқан жандар»
Тәуелсіз мемлекеттің ертеңі-ұрпақтың рухани байлығы, мәдениеті, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен білігіне,іскерлігіне байланысты. Өскелең ұрпақты биік мақсаттарға жетелеу,өз бойында бүкіл адамзаттық құндылықтарды жинақтаған,өз өміріне өзі басшылық жасап,өзін-өзі дамытатын тұлғаны тәрбиелеу-бүгінгі мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының алдына қойған міндеттерінің бірі.
Осы міндетті іске асыру тетігі ұстаздарға байланысты.Іскер,жаңаға жаны құмар,үздіксіз ізденіс үстіндегі ұстаз ғана балаға сапалы білім бере алады. Тұла бойында тұлпардай тулаған дарынын қамшылай түсіп,жаңа шыңға көтерілем деген бала әркез өмірден өзінің шынайы орынын табатыны хақ.Әйтсе де тал бойына біткен талантын барлығы байқап,көрсете білмейтіні де бар.Тұтанайын деп тұрған жас шоқты үрлеп, лап еткізіп жандыратын жандар бар. Олар-өмірдің асуларынан асып,тұңғиығын сүзіп,адамгершілік пен намысты,мейірімділік пен адалдықты тең ұстаған жүректі жандар.Ол жандарды біз «ұстаз» -дейміз. Ұстаздарымыз болмысындағы бар қасиетін,құрметін,өмірден санасына түйген байлығының барлығын балаларға сыйлап, жүрегіне су сепсе де сөнбейтін алау жағады,шабытын шыңдайды.Шәкірттерінің келешегі жөнінде ойланып,олардың қабілетті шәкірт болып,үлкен биіктерден көрінуін қалайды.
Задаева Айгүл-1974 жылы 23 қаңтарда Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Тұрмағамбет ауылында дүниеге келген. Білімі–жоғары, санаты-Басшы-ұйымдастырушы.
Аймақтық әлеуметтік–инновациялық университетін «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолында №8 «Қызғалдақ» балабақшасына тәрбиеші, әдіскер қызметтерін атқарған. 2019 жылдан бері №8 «Қызғалдақ» балабақшасы меңгерушісі қызметін атқаруда.
2020 жылы -Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің «Құрмет грамотасы»
2021 жылы-Қызылорда облыстық білім басқармасының «Құрмет грамотасы»; Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің «Құрмет грамотасы»
2022 жылы- Қызылорда облысы кәсіподақ комитетінің «Құрмет грамотасы»; Қармақшы аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінен «Құрмет грамотасы»,
Шығармашылық зерттеу жұмысына Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Ж.М.Есіркеповғылыми жетекшілік жасайды. Нәтижесінде «Балабақшада ата-анамен жұмысты ұйымдастыру жолдары» шығармашылық зерттеу жұмысы Қармақшы ауданы бойынша мектепке дейінгі ұйымдарға тәжірибе алмасу мақсатында таратылды. «Атамекен» авторлық бағдарламасы бөбекжай - бақшада үйірме жұмысы ретінде жүргізілуде.
Диплом:
Марапатары:
Курстары:

Пікірлер қосу